Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі



«№2 Ұзынкөл орта мектебі» КММ ақпаның 7 күні «Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі»ММ басшылығымен қазақ тілін оқыту сапасын арттыру мақсатында жалпы білім беретін 7-11 сынып мектеп оқушылары арасында қазақ тілінен республикалық бес бағыттағы «Жарқын болашақ» олимпиадасы өтті. Ауданың 19 негізгі және орта мектептерінің оқушылары қатысты.
«Тілші-әдебиетшілер»номинациясында 1орынды №2 Ұзынкөл орта мектебінің 9 сынып оқушысы Нұрғожа Амина, №1 Ұзынкөл орта мектебінің 11 сынып оқушысы Дербилова Ольга, екінші орын Новопокров орта мектебінің 11 сынып оқушысы Мадиева Маржан иеленді;
«Сөз шеберлері» номинациясында 1орынды №2 Ұзынкөл орта мектебінің 8 сынып оқушысы Бетаева Нағима, Арзамасс орта мектебінің 9 сынып оқушысы Коренева Юлия, екінші орын Обаған орта мектебінің 10 сынып оқушысы Бірман Көркем ие болды;
«Әнші-бұлбұлдар» номинациясында 1орынды Арзамасс орта мектебінің 8 сынып оқушысы Лазенюк Алина, №1 Ұзынкөл орта мектебінің 8 сынып оқушысы Кабдуалиев Бауыржан, екінші орын Троебратск орта мектебінің 8 сынып оқушысы Каппасова Әсем алды;
«Жас ғалымдар» номинациясында 1орынды еш кім иеленбеді, екінші орын Троебратск орта мектебінің 7 сынып оқушысы Мустафина Бибігүл, үшінші орын Федоров орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жасланова Сабинада;
«Жазушылар» номинациясында 1орынға ие болды №2 Ұзынкөл орта мектебінің 11 сынып оқушысы Амангельдин Еркін, екінші орын Обаған орта мектебінің 10 сынып оқушысы Исмагулова Зарина; үшінші орын Федоров орта мектебінің 9 сынып оқушысы Султанғазина Жанар.